[00:00.000] 作曲 : Rajmbek Bauyrzhanovich Baktygereev[00:09.902] Мама, тәтті бауырсақтарың жолыма ма?[00:15.676] Әке, қалың қара қамшы менің қолыма ма?[00:21.132] Әже, алдымен айраныңыздан дәм татам[00:26.493] Ата, ұмытылмайды берген әр батаң.[00:30.200][00:53.769] Жалқаулық нәпсі, осылармен алысып келем.[00:56.944] Уақыт өте тез, әрі жарысып келем.[00:59.247] Жанымдағы жандарымнан ақыл алысып терең.[01:01.893] Тек қана Пайғамбардың артынан ерем.[01:04.511][01:04.672] Өткен іс өтті, өкініш пен қайғы жоқ.[01:07.273] Оңай табатын Раймның қазір мекен-жайы жоқ.[01:10.296] Иә, әрине қызық күндер есімнен кетпейді.[01:12.819] Уақыт емдемейді, уақыт барлығын реттейді.[01:15.338][01:15.510] Уақыт жылжиды, біреу есейеді.[01:18.110] Біреуі өмірге шырылдап жаңадан келеді.[01:20.951] Біреу тәрбиеленеді, біреу тәрбие береді.[01:23.842] Жасар алдында ойлан, артыңнан ереді.[01:26.199][01:26.362] Сезем, сезем ағалық қасиетіңді,[01:28.862] Әрдайым есіме аламын айтар сенің өсиетіңді.[01:31.680] Қанша рет шатыр сынды,[01:32.970] Қанша рет дауыл жел тұрды.[01:34.177] Қарсы тұрамын ағысқа көрсем қасымнан бауыр етімді.[01:37.358][01:37.591] Өзгермеші осы қалпыңнан досым,[01:43.000] Арамызда шынайылық мәңгі болсын.[01:48.256] Сеніммен осы сәтті 2010-да,[01:53.646] Армандаған ағаларым аман болсын.[01:56.590][01:59.060] Мен олардың білем армандарын,[02:04.513] Менде дәл солай армандадым.[02:09.856] Аллаға сансыз шүкір деймін,[02:15.216] Барына сендей ағалар.[02:18.338][02:20.309] Маған шабыт беретін, өмірім өзгермес,[02:22.929] Әрине адам болғасын бәрібір өзгересің.[02:25.606] Тек қана таза жүрегің қарайып кірлемесін,[02:28.697] Жүректегі шамды үрлемесін.[02:30.744][02:31.163] Мен сенем өзіңе Алла,[02:33.907] Сұраймын тек сенен ғана.[02:36.518] Болсын жақындарым аман,[02:39.236] Болсын жақындарым аман.[02:42.304][02:42.956] - Аға, берген ақылың орнын таба ала ма?[02:48.017] - Әпке, менің жарым сендей бола ала ма?[02:53.340] - Інім, сен туғанда бекер қуанбағам,[02:59.160] - Алла, ұмтылады сүйіктің болуға адам.